АЛМАТЫДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

25 мамыр 2024 1114 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің жетінші мәжілісі өтуде.

Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіздің белсенді жұмыстарыңыздың нәтижесінде діни салада туындаған өзекті мәселелерге қатысты тиісті шешім қабылдап келеміз. Қазір бәріміз үшін жауапты кезең. Өйткені дәстүріміз бен дініміздің асыл құндылықтарын мансұқтауға тырысып жатқан топтар қоғамға өздерінің теріс пиғылдарын таңуда. Бұл ретте біз де белсенді жұмыс істеп, тиісті қадамдар жасауымыз керек», – деді.

Мәжілісте түркітілдес мемлекеттері мүфтилер алқасының «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» Қарарының мәтіні, жат діни ағымдардың әлеуметтік желілердегі идеологиялық жұмыстарына тойтарыс беру, қайырымдылық акциялары бойынша қаражат жинау жұмысын жүйелеу, біркелкі тәртіп орнату сынды мәселелер талқылануда.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру