АЛМАТЫДА «ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

15 маусым 2023 1983 0
Оқу режимі

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлт тірегі» тақырыбында әйел жамағатына арналған республикалық танымдық конференциясы өтті. 

Конференция ашылуында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сөз сөйлеп, ұлт тәрбиешілері әйел қауымына ақжарма игі тілегін арнады. Республикалық танымдық конференцияға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және сектордың өңірлердегі жауапты мамандары, Алматы қаласының әйел ұстаздары қатысты. 

Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы «Дініміздегі отбасы құндылығы» тақырыбында баяндама жасады. Республикалық бас мешіт ұстазы Қарлығаш Мәлікқызы мен сектордың Алматы қаласындағы жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы, тағы басқа ұстаздар отбасы тақырыбында баяндамалар оқып, сұрақ-жауаптар алмасты.

Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың және сол құндылықты тәрбие арқылы тасымалдаудың қайнар бұлағы болатын отбасы, бүгіннің басты әрі маңызды тақырып екені айтылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру