АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

26 мамыр 2024 1052 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 42-інші мәжілісі өтуде.

Мәжіліс жұмысын ашқан Бас мүфти: «Өздеріңізге белгілі, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияладық. Жыл аясында бірнеше аймақтық ауқымды шаралар, конференциялар, семинарлар жоспарладық. «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде бірнеше қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды. Кітаптарымыз жарық көруде. Осы орайда атсалысқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді.

Айта кетсек, бүгінгі мәжілісте «Уәкілдік негізінде қаржыландырудың үкімі», «Зекет қаржысына мұқтажға үй алып берудің үкімі», «ДНК арқылы текті анықтау үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалардың мәтіні талқылануда. Сонымен қатар түркітілдес мемлекеттері мүфтилер алқасының «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» қарары, түркітілдес мемлекеттері мүфтилер алқасының «Орта азия фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты» ережесі талқылануда.

Басқосу барысында Әбу Насыр Мүбашшир ат-Тарази бабамыздың «Араб айларын бастауды біріздендіру туралы зерттеу» еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Еңбекті қазақшаға аударып, алғысөзін жазған – филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керім.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру