Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды

08 қаңтар 2019 7230 0
Оқу режимі

Алматы қаласының тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды. Қасиетті сапарға Талғат Жұмабеков осымен екінші рет бағыт алғалы отыр.

Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы.

Бұған дейін велосипедпен Еуропа елдерінің біразында болған екен. Киелі мекенге сапарын Түркістан қаласынан бастаған. Одан Шымкентте табан тіреп, ары қарай сапарын жалғастырмақ. Ташкент қаласына да кіре шықпақ. Далада шатыр тігіп қонуды жоспарлап қойыпты. Ал қатты суық болса қонақ үйге түнеп шықпақ.

«Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», — дейді Талғат Жұмабеков.

Бұл оның Меккеге екінші сапары.

Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен.

Пікірлер Кіру