АЛМАТЫ: РУХАНИ КЕШТЕ «МӘУЛІТ СЫЙЫ» ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласының Республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өткен «Адалдық жаршысы Мұхаммед ﷺ» рухани мәуліт кешінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Адамзаттың асыл тәжі Әз Пайғамбарға арналған салауат кеші биылғы жылы да бір күнде екі қойылым көрсетіп көрермен көңілінен шықты. Таңғы және түскі қойылым барысында Республика сарайы лық толды. Мәуліт кешіне билеттен түскен қаражат «Мәуліт сыйы» ретінде мұқтаж отбасыларына берілді.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көмекке мұқтаж және қала мешіттерінде ұзақ жылдар тазалықшы, күзетші қызметін атқарып жүрген 15 адамға 150 000 теңгеден қаржылай сертификаттар табыс етті. Ал 500 000 мың теңгеден дертіне дауа тілеп ем қабылдап жатқан 3 адамға берілді. Сонымен қатар мәуліт сыйы ретінде «Арафат» және «Қарағайлы» мешіттерінің қалпына келтіру жұмыстары үшін 1 000 000 теңгеден табысталды.
Адалдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болған Мұхаммед Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болғай!
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі