АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
01 наурыз 2024
1335
0
Оқу режимі
Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен мешіттің ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарына құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасалды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы құлшылық үйінің «көгершіндері» болып жүрген қарияларға үлкен алғысы мен ыстық лебіздерін білдіре отырып, Құран Кәрім салынған сыйлық қорапшаларын тарту етті. Қарттар қауымы да өз кезегінде ризашылықтарын айтып, ақ батасын беріп жатты.
Пікірлер
Кіру