Әлемдегі егде жандардың бірі дүние салды
31 қазан 2019
6762
0
Оқу режимі
Ресей елінің Астархань губерниясында тұратын Танзила Бисембеева есімді қария 124 жасына қараған шағында бұл өмірмен қоштасты. Ресей елінің Рекордтар кітабына ең егде жан ретінде тіркелген қария 1896 жылы 14-наурызда дүние есігін ашқан екен.
Ғасырдан астам ғұмырында екі дүниежүзілік соғысты бастан өткеріп, патшалық, кеңестік кезеңдердің тірі куәгері болған Танзила Насиханқызы еш ауру-сырқаусыз, туысқандарымен бақұлдасып барып, дүние салған. Бүтіндей бір әулеттің тірегі болған қарияның 3 ұлы, 10 немересі, 25 шөбересі және 2 шөпшегі бар екен.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру