«Әл-Ғани» мешітінде «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында семинар өтті

15 мамыр 2026 77 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және елорда имамдары қатысты.

Семинар барысында отбасы құндылығы, әкенің тәрбиедегі орны, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік және ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қоғамдағы отбасы институтын нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу жайы талқыланды.

Жиында баяндама жасаған бөлім басшысы Нұрбек Әуесханұлы әкенің отбасындағы рөліне тоқталып, бала тәрбиесіндегі өнеге мен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру