«ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

13 қыркүйек 2024 292 0
Оқу режимі

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа арналған Мәуліт кеші өткізілді. Ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына Мәуліт мерекесінің құрметіне орай арнайы ақ дастархан жайылды.

Мәуліт кеші әдеттегідей мешіт ұстазы, қари Мұрат Дайрабайұлының Мәуліт оқуымен басталды. ҚМДБ жанындағы «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағжан Ерболатұлы мешіт жамағатын Мәуліт айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың қадір-қасиеті хақында баяндады.

Мешітке арнайы келген Республикалық бас мешіттің наиб имамы, ұстаз Әділхан Оразов жиылған жамағатқа Мәуліт мерекесінің Ислам дініндегі маңыздылығы тақырыбында көркем насихат айтты.

Насихат барысында наиб имам Құрандағы Алла Елшісіне (с.ғ.с) қатысты аяттарды, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншіліктің мәні, Оның (с.ғ.с) шапағат етуі, Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннетіне ерудің маңыздылығы жайындағы тың тақырыптарға кеңінен тоқталып, көркем мысалдар мен ғибратты оқиғаларды тілге тиек етті.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірімен жақын танысқан жамағат мешіт ұжымына мағыналы басқосу үшін өз алғыстарын білдірді.

698588b2 ad1d 4161 9c6a e7ee15b872d279801564 e2c0 4ca8 8f4a b8f6435b0e5f594a1230 2aa1 410e 93fb 00658c4dd6ef503de66b 9058 4206 b952 34d0fdb01bcd251b2c81 7c89 4844 849c 0b92419f350d18a59ec2 206e 4159 a6aa 06c255e03f6561d72144 09a4 410b abec 64e715b47a5e96eadb26 17a3 44bb 99e8 8612fb747cb4

Пікірлер Кіру