«Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтті (ФОТО-ВИДЕО)

27 қараша 2019 6897 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ-ның ғимаратында «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы және «Нұр Астана» мешітінің «Қыз Жібек» әйел-қыздар клубының ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани мәуліт кеші болып өтті. 

Құран аяттарымен бастау алған игі шара барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, кеш қонақтарына ғибратты сахналық қойылымдар ұсынылды.
Мәуліт кешіне ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров пен Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қари Жұманазар Садырханұлы және де ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева, термеші, сазгер Зағипа Иманғазиева, айтыскер ақын Сара Тоқтамыс пен қоғам қайраткері Оразгүл Асанқазы қатысты. 

Сондай-ақ, Мәуліт айының құрметіне орай Muslim.kz порталы жариялаған #МаулітChallenge игі істер эстафетасында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мараппаталды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі үмметі үшін мәңгі өшпес шамшырақ іспетті. Ол ақыретке дейін күллі мұсылман қауымының сарғайған сағынышы мен адамдықтың кемел үлгісі болып қала бермек. Кешке жиналған жұртшылық осы бір үзік сырға куә болып қайтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

 

 

Пікірлер Кіру