«АДАЛ ЕҢБЕК ЕТКЕНІҢ – АЛЛА ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕНІҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағытының жылдық жұмыс жоспары аясында Астанадағы «AQ MESHIT» мешітінде «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында семинар өтті.
Басқосуға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов, «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мұхаметрахимұлы және наиб имамдары Арман Әділбекұлы мен Рашид Абдуалиұлы қатысты.
Семинар барысында адал еңбектің маңызы, маңдай термен табыс табу, еңбекке жауапкершілікпен қарау және адал кәсіптің берекесі жөнінде уағыз-насихат айтылды. Сондай-ақ ислам дініндегі адалдық қағидаттары мен ұлттық дүниетанымдағы еңбекқорлық құндылығының сабақтастығы сөз болды.
Жиынның мақсаты – жамағат арасында адал еңбек мәдениетін дәріптеу, жауапкершілік пен шынайылықты насихаттау және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту.









Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі