«АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

09 сәуір 2023 2873 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде  «Адал астың маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарұлы, технолог маман Данияр Сафиев пен қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы және мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты» деп адал астың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Технолог маман Данияр Сафиев халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, Ерболат Нұрылдаұлы тұшымды сөз сөйлеп, тың ақпараттармен бөліскені үшін «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру