871 уағыз-насихат, 53 сұхбат жүргізілді (ФОТО)
Биыл ҚМДБ жеті негізгі бағыт бойынша жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Соның екінші бағыты – уағыз-насихат жұмыстары.
Қазіргі таңда елімізде эпидемиялогиялық жағдайдың толық тұрақталмауына байланысты кейбір мешіттерде айтылатын жұма уағыздар, бесін және ақшам уағыздары уақытша тоқтап тұр. Дегенмен өңірлердегі ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары уағыз-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде жан-жақты жүргізіп келеді.
Сонымен қатар ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшелері де әлеуметтік желілерде «Рияду әс-салихин», «Мукашафату әл-қулубу», «Әш-Шәмәилу әл-Мухуаммадия», «Мухтасару әл-қудури», «Сәфуату әт-тафасиру» сынды классикалық кітаптар бойынша уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді.
Атап айтар болсақ, қаңтар айы бойынша әлеуметтік желілерде 871 уағыз-насихат, 53 сұхбат жүргізілді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі