409 835 адам жастар секторының игі шарасына қатысты (ФОТО)
26 желтоқсан 2019
4840
0
Оқу режимі
2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Жастар ісі секторының әртүрлі бағытта өткен игі іс-шарасына 409 835 жас буын өкілдері қатысты.
Бұл туралы сектор меңгерушісі Әділет Көпен мәлімдеді. Оның айтуынша, Жастар жылы аясында республика бойынша түрлі деңгейде 10 829 мәдени, рухани, спорттық және діни шаралар ұйымдастырылған.
«Республикалық және аймақтық деңгейде өткен сауапты һәм салауатты шаралардың мақсаты – жастарды имандылыққа үндеп қана қоймай, олардың бойында патриоттық сезімді ояту. Осы бағытта Жастар форумын өткізіп, рухани құндылықтың маңызы туралы пікір алмастық. Жыл бойы жоспарлы түрде өткізілген спорттық шаралар мен діни дәрістер жастарды жақсылыққа үндеп, жаңа ойларға жетеледі», дейді Ә.Көпен.
Пікірлер
Кіру