ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН: "ЕГЕР ӘЙЕЛ АЛАМ ДЕСЕҢ..."
Егер әйел алам десең үздігіп,
Таңда жөндеп өте жіті көз тігіп.
Тегі таза, құтты болсын тамыры,
Ұяты мол, инабатты һәм ірі.
***
Қол тимеген болсын аттап шықпаған,
Сенен басқа еркек бар деп ұқпаған.
Сені сүйіп, сенен басқа іздемес,
Жаман қылық, жарамсыз іс істемес.
***
Ей, адамзат, ердің ері болсаң да,
Қатарыңды ал, егер әйел алсаңдар.
Мінезін айт, қарамай-ақ әріне,
Болса мінез – жарасады бәрі де.
***
Құр қоздырып нұрлы жүздің жылуын,
Іздей көрме көрікті қыз сұлуын.
Тапсаң егер ақылды қыз көз жетіп,
Қапы қалмай, үйленіп ал тездетіп.
***
Ақылды әйел мал да жинар, өндірер,
Байып алып, өзіңе де өң кірер.
Пейілді әйел көрікті де, текті ғой,
"Әйел көркі – қылығында", – депті ғой!
***
Ойы таза болса әйелің – асыл жар,
Осы үшеуі бар-ақ жерде қосылар.
Есті әйелдің етек-жеңі кең келер,
Соны тіле, төрт құбылаң тең келер.
***
Дәл осындай әйел тапсаң ардақты,
Соған тырыс,
Сол әкелер бар бақты!