Жүрекке пайдалы тағамдар

11 ақпан 2019 11841 0
Оқу режимі

Жүрегіңіздің саулығын сақтау үшін тамақтану тәртібіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн. Себебі, жүрек үшін дұрыс және салауатты тамақтану маңызды рөл атқарады. Кез келген адамның жүрегі ол дәрумен қабылдаған кезде «қуанады», әсіресе, В және Р тобындағы дәрумендерді қабылдаған кезде. Жоғарыдағы дәрумендерге қосымша, жемістер мен көкөністерді көп пайдаланыңыз.

Қышқыл және тәтті, қызыл және жасыл алманың барлық түрлері біздің ағзамыз үшін, әсіресе, жүрек үшін өте пайдалы. Тіпті, бұл туралы ағылшындарда мақалда бар, аударғандағы мағынасы «Кешкі асқа алма жесең, дәрігердің де керегі болмайды».

Адамның жүрегі мынадай химиялық элементтерге мұқтаж болады:

Иод – бұл химиялық элемент зат алмасу процесін әсер етеді. Иод кальмар, теңіз балығы, балдырлар мен асшаяндар сынды теңіз өнімдерінде көп болады. 

Калий – денедегі артық сұйықтықты жойып, жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартады. Інжір, қара өрік, асқабақ, қырыққабат, картоп, қызыл және қара қарақат, сондай-ақ итмұрынның құрамы калийге бай.

Магний – несеп айдағыш және тыныштандырғыш қасиеттері бар химиялық элемент. Бұл элемент қан тамырлары қабырғаларына қатқан қанды кетіреді. Ағзаңыздағы магний жеткілікті мөлшерде болу үшін рационыңызда мынадай тағамдар болуы керек: сұлы, бидай, қарақұмық, қызылша, бұршақ, жаңғақтар және сәбіз. Магнийге тәтті бадам, банан, кебек және соя ұны бай.

Сонымен қатар, жүрек сүт және вегетариандық сорпаны жақсы көреді.

Дереккөз: anabol.kz

Пікірлер Кіру