Жұбайлар жақындасар сәтте ұмытпауға тиісті маңызды нәрсе

06 желтоқсан 2019 7816 0
Оқу режимі

 

Жақындасудың сүннетте бекітілген бірнеше әдебі бар. Бұлардың кейбірін айта кетуге болады[1].

Алдымен ерлі-зайыптылардың «бисмилла» деп айтуы – мұстахап. Сондай-ақ, «Ықылас» сүресін оқып тәкбір, тахлил (ләә иләһә иллаллаһ) айтады. Сосын былай дейді: «Бисмиллаһил-алиил-азим. Аллаһуммәжалһә зурриятән тайибәтән. Ин кунтә қаддартә ән тухрижә зәликә мин сулбии. Аллаһуммә жәннибниш-шайтанә уә жәннибниш- шайтанә мәә разақтәни».

Мағынасы: «Ұлы да асқақ Аллаһтың атымен. Егер нәсәбімнен бір ұрпақ шығуын жазған болсаң, Өзің мұны жақсы, салихалы ұрпақ ет! Аллам! Шайтанды менен аластат және маған нәсіп ететін ұрпақтан да шайтанды алыстат».

Ерлі-зайыптылар жақындасар кезде бүркенуі тиіс. Сондай-ақ, кейбір ғалымдар арасында жұма түні жақындасу – мұстахапқа жатады дегендер бар.

 


[1] 379 Зуһаили, а.а.е. 4/360.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру