ЫРЫМ МЕН ТИЫМДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ БАР
18 наурыз 2024
1602
0
Оқу режимі
- Үйге қарай атпен шаппа - жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.
- Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме, бұл - құрмет.
- Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама - қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді.
- Ошаққа су құйма - өз отыңды өзің өшірме.
- Бос бесікті тербетпе - ұрпақсыз қаласың.
- Жылқының құйрық, жалын күземе - тұл қалғанның белгісі.
- Малды басқа ұрма, теппе - ырысыңнан айрыласың.
- Кешқұрым ұйықтама - жын-пері көшетін кез.
- Айға қолыңды шошайтпа - қасиетті.
- Жерге түкірме - Жер - Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді.
- Нанды баспа - киесі ұрады.
- Түнде суға барма - су перісі қағуы ықтимал.
- Екі бүйіріңді таянба - қайғы, қасірет белгісі.
- Бөгде адамнан "қайда барасың?" деп сұрама - көргенсіздік.
- Жай отырып уһілеме - уайым, қайғы шақыру.
- Қолыңды төбеңе қойма - дүниеден безіну.
- Табаныңды тартпа - бейнет шақыру.
- Өтірік жылама - құдай шын жылатайын десе қиын емес.
- Табалдырықта тұрма - суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр - киелі, табалдырық ұнамсыздау орын.
- Кісіге қарап есінеме - əдепсіздік.
Пікірлер
Кіру