Ұрланған малдың еті
19 маусым 2021
5555
0
Оқу режимі
Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға:
– Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін есептеуім сондықтан, – деп жауап береді.
Бұл уақытта имам балық та жемеген екен, өйткені біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру