Түннің біз білмейтін сырлары...

14 наурыз 2019 8333 0
Оқу режимі

Алла Тағала Құранда:

وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتًا. وَجَعَلْنَا اللَّيْلَ لِبَاسًا. و جعلنا النهار معاشا

«Ұйқыларыңды дамылдап тынығудың бірден-бір жолы қылдық. Түнді (бейне бір) жамылғы, ал күндізді тіршілік уақыты қылдық»,[1] - деп бұйырды.

Ұйқының пайдасы Алланың қараңғылығы арқылы болады. Американың Аризона университетінің зерттеуші ғалымдары ғылыми зерттеулер нәтижесінде ұйқының қараңғылық уақытында адам денсаулығына пайдалы болуын және адамның иммунитетінің күшеюіне үлкен әсері бар екенін растады. Сонымен бірге, ғалымдар қараңғылықта адам организмінен сүт безі обыры мен простатит ауруларына қарсы тұруда рөлі зор – «мелатонин» гормоны бөлінетінін айтып өтті.

Бұл зерттеулер организмнен бөлінген мелатониннің рак клеткаларының дамуын тежейтінін анықтады. Жарық бөлмеде бұл гормон жұмыс істемейді екен. Ғалымдар бұл - Алла жаратқан табиғи емнің қараңғы түнді пайдаланғанда ғана жұмыс істейді дейді.

Қараңғылық - рактан белгілі уақытта ғана қорған болады. Қараңғы түн адам организміне белгілі бір гормондар бөлген сияқты, күндізгі жарық та адам организміне пайдалы басқа гормондарды (серотонин) бөледі. Бұл - гормондар иммунитетті күшейтіп, организмді көптеген аурулардан қорғайды.

Құран Кәрімнің «Ғафир» сүресінде:     اللَّهُ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَالنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ

«Ол - тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны емін-еркін көріп, тіршілік ете алуларың үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла...», - деп келеді.

Жоғарыда айтылған түннің қараңғылық уақытының ең  пайдалы уақыты - кешкі 22:00 ден бастап түнгі 01.00 ге дейінгі аралықта болып табылады. Сондай-ақ, кейде ұйықтасақ та, бөлмемізге жарық қосып немесе қалта телефонының жарығына қарап жатып ұйықтау организмнен мелатониннің бөлінуін тежейтініне көзіміз жетті.

Керек десеңіз, мұсылман ғалымдары асқа жиырма төрт сағат жарық жанып тұратын жердегі ферма тауықтарынан гөрі үйде асыралатын: түнде өз уақытында ұйықтап, күндіз жем жейтін тауықты пайдалануға да кеңес береді. Алланың заңынан еш кемшілік табылмауы ақиқат. Тек адам баласы сол заңдылыққа сәйкес өмір сүрсе, екі дүниеде бақытты болар еді.

Қуат Қабдолда


[1] «Нәбә» сүресі, 9-10 – аяттар

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру