"ТІЗЕҢДІ ҚҰШАҚТАМА"
22 ақпан 2024
2091
0
Оқу режимі
Пенденің басынан не өтпейді дейсіз, әртүрлі себептермен отбасынан, үй-жайынан не жанашыр жақындарынан айырылған адамды қазақтар: "Байқұс-ай, қу тізесін құшақтап қалды-ау!" - деп аяп жатады.
Сүйенер-сүйкенерінен, көңіл жұбатарынан жұрдай болмасын деп, басына қасірет бұлты төнбесін деп, жайшылықта тізе құшақтауды жамандық белгісіндей көріп, тыйым салған. Оның бер жағында тізе құшақтап бүрісіп отыру көрер көзге сүйкімсіз көрініс қой.
Зейнеп Ахметова "Күретамыр"
Пікірлер
Кіру