Сайдолла Қуаныш Әбдірайымұлы

14 желтоқсан 2018 4285 0
Оқу режимі

2000 жылы 6-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Достық ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Әбу Ханифа медресе-колледжінің 1-курс студенті.

«Пайғамбарлар падишасы»
(Миғраж оқиғасы)

...Қайғылы жыл Пайғамбарға тым батты,
Таифтан да тартқан еді мұң қатты.
Құлын Алла құзырына алуға
Миғраж түнін сыйға тартты қымбатты.

Алла оны мұғжизаға бөледі,
Құддыс-Мекке арасы ұзақ жол еді.
Жебірейіл пырақ әкеп елшіге
Исра жасап, Әл-Ақсаны көреді.

Мекке – Ислам астанасын құт қылды,
Мединеге хижреті тіпті үлгі.
Алла бізге Мекке-Мединеден соң
Құддыстың да қасиетін ұқтырды.

Намаз оқып, көкке желдей лезде есті,
Одан кейін не боларын сезбес-ті.
Көтеріліп, жеті аспанға бір-бірден,
Әр аспанда пайғамбарлар кездесті.

Алла Елшіні мұғжизаға байытты,
Ол біледі, ешкім білмес ғайыпты.
Періште-жын жете алмаған дәреже
Қос әлемнің сардарына лайықты.

Пайғамбарым жоқты көріп жалғанда,
Жәннат-тозақ көрсетілді сол маңда.
Алла үмметке парыз етті намазды
Сидратул-Мунтәһәда болғанда.

Кейін Елші жер жүзіне беттеді,
Таң рауандап, нұрландырды  Меккені.
Сол ғажаптан әсер алып, қалаға:
Баян етті оқиғаны көктегі.

Мүшріктер Пайғамбарға ермеді,
«Ең Сенімді» болған жанға сенбеді.
Пайғамбарды «Жынды» санап, «Жалған» деу
Осы еді мушриктердің ермегі.

Мүшріктердің істеріне сабыр еткен,
Пайғамбардың кешірімді жаны неткен!
Жазу, сызу білмеген бір пендені
Хақ Тағалам жер жүзіне тәлім еткен!!!

Ғибадатпен бір Аллаға сиынамыз,
Бес уақытта мешіттерде жиыламыз.
Мұхаммед үмметіне парыз болған
Намаз – бізге Алланың сыйы нағыз!

Тағылымы үнін шерткен ғасырға,
Ұлы Ахлақ берген Алла асылға.
«Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед»
«Адамзаттың асыл тәжі» расында.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру