Рамазанда берілетін 5 қасиет

24 мамыр 2019 8387 0
Оқу режимі

Имам Ахмадтың Әбу Һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алла Елшісі (с.ғ.с) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді:  «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың құзырында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».

Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты», – деген».

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру