ҚҰРАНДА АТАЛҒАН ЕР АДАМДАРҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР

15 шілде 2024 1346 0
Оқу режимі

Құранда аталған ер адамдарға тән қасиеттер:

  • Әрдайым жаман істерден бойын аулақ ұстайды.
  • Отбасына көркем мәміле жасап, олардың ақіреттік азығын жинауға көмектеседі.
  • Жарына дін үйретеді.
  • Ата-анасына, бауырларына қамқорлық қылады.
  • Дүниелік істерге өкінбейді.
  • Олардың жүздері жылы, сөздері жұмсақ, өңі айбынды көрінеді.
  • Бауырмал, отаншыл.
  • Жасаған жақсылығын міндетсінбейді.
  • Бүлік бастамайды әрі жасамайды.
  • Ешкімге жағымпазданбайды һәм тәкаппарланбайды.
  • Ризығын адалынан іздейді. Сөзі салмақты, өзі сабырлы.
  • Тәубешіл және тәуекелшіл болады.
  • Олардың үйінен нұр шашып тұрады.
  • Қажетін Раббысынан сұрайды, Оны жиі еске алады. әрбір ісінен Алланың ризалығын іздейді.

 

Пікірлер Кіру