Қайғы-қасіреттен Алланың өзі сақтайтын дұға

19 қараша 2018 26374 0
Оқу режимі

Хасбиаллаһу лә иләәһә иллә һуә ‘аләйһи тәуәккәлту уә һуә Раббуль-‘аршил-‘азыйим. (7 рет)

Мағынасы: «Бір Алла маған жеткілікті, Одан басқа тәңір жоқ. (Уа, Аллам!) Бір Өзіңе тәуекел еттім. Ол – ұлы Аршының Раббысы»[1].

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Әбу Дәрда (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы аят жайында былай дегенін жеткізген: «Кімде-кім таңертең және кешке мына аятты жеті рет оқитын болса, мейлі шын беріліп оқысын, мейлі үстірт оқысын, оны кез келген қайғы-қасіреттен Алланың Өзі сақтайды (яғни, Алла Тағала оны қайғы-мұңнан және дүние тіршілігінің басқа да ауыртпалықтарынан сақтайды)»[2].


[1] «Тәубә» сүресі, 129-аят
[2] Сунәну Әби Дәууд

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру