ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІР-БІРІНІҢ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

15 қазан 2024 767 0
Оқу режимі

Отағасының міндеттері; әйелімен тату болу, oған қорған болу, нәпақасын тауып, садақасын үзбеу. Бір хадисте “Сендердің ең қайырлыларың әйеліне қайырлы болғаны” дейді. Басқа бір хадисте “Әйелдерге тек мінезі артықтар қолындағысын береді, жаман мінезділер болса, қиянат жасайды” деген.

Әйелдің басты міндеттері; күйеуінің шариғатқа сай бұйырғандарын орындау, ары мен абыройын қорғап, күйеуіне адалдық таныту, барға қанағат етіп, ысыраптан сақтану.

Баланың әке мен ана алдындағы басты міндеттері; aта-анаға құрмет көрсету, олардың шариғатқа сай бұйырғандарын орындау. Баланың дүниеге келуіне себеп болған, олар ес біліп, есейгенше махаббат, мейірін төгіп өсірген ата-анаға ‘түу’ деп қарсы сөйлеудің өзі жайыз емес. Әкесіне, анасына қарамайтын, олардың шариғатқа лайық талаптарын тыңдамайтын, олар мұқтаж болғанда көмекке ұмтылмайтын бала қайырлы ұрпақ болу құрметінен мақрұм қалады, Алла Тағаланың азабына лайық болады.

Құрметті бірінші әкеге, ал көмекті бірінші анаға көрсету керек. Ананың хақы әкемен салыстырғанда, екі есе. Бір хадисте “Жәннат аналардың табанының астында” дейді.

Қайырлы ұрпақ тек ата-анасына ғана емес, олар дүниеден өткен соң, олардың достарына сый-құрметін көрсетеді. Өйткені бұл да ата-анаға құрметке тең.

Бауырлардың басты міндеттері; бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне көмектесіп, құрмет, мейірімдерін аямау. Бауырлардың арасында ажырамас байланыс болуға тиіс. Maтериалдық пайда үшін араларында кикілжің орын алмауы керек.

 

 

 

Пікірлер Кіру