Намаздың құдіреті
05 қыркүйек 2018
13066
0
Оқу режимі
Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Ей, Алланың елшісі, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – деді. Алла елшісі (с.ғ.с.) үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады.
Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады.
– Иә, жақсылап дәрет алғанмын.
– Жаңа бізбен бірге намаз оқыдың ғой?
– Иә, оқыдым.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:
– Онда Алла сенің күнәңді кешті, – деді.
Пікірлер
Кіру