Мырзабек Арайлым Бисенбайқызы

14 желтоқсан 2018 4964 0
Оқу режимі

1989 жылы 08-қазанда Шымкент қаласы, Сайрам ауданында дүниеге келген.

Пайғамбарлар сұлтаны

Көптен күткен шұғыласың аңсаған,
Сағынышы - сары ормандай самсаған.
Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед,
Саллалаху уалейхи уассалам.

О, Мұхаммед, шұғыласын көптен күткен,
Таң арайы, рауанысың бізге жеткен.
Бітпейтін, толлассыз берекесін,
Қандай тұлға ардақтысың ғажап неткен!

О, Мұхаммед, пайғамбарлар дара шыңы,
Мейірімге тұнып тұрған қарашығы.
Миллиондаған жүректерге жол тапқан,
Әлсіздердің қамқоршысы жанашыры.

О, Мұхаммед тірі жүрген Құран Кәрім,
Мінезінде қамтыған тегіс бәрін.
Ең сабырлы, ең шыншыл, қамқоршы жан,
Көркейтіп ақырет пен өмір мәнін.

Зәм-зәм сумен жуылған жүрек, қаны,
Жын шайтаннан қорғалған игі жаны.
Бала кезден несібесі асып тасып,
Құт береке жайылған үйдің маңы.

Әділдігі жас кезінен басталатын,
“Ұлы мінез иесі” деп мақталатын.
Қияметте Махшарда нәсіп етер,
Үмбетіне шапағаты сақталатын.

Ешкімге де әлі, нәсіп етпеген,
Еш пайғамбар еш періште өтпеген.
Дәл өзіңдей бұл құрметке ие болып,
Жаратушы кұзырына жетпеген.

Сезілмеген бұл қасиет өзгеден
Алланы көрді, көкіректегі көзбенен.
Бұл керемет бұл мұғжиза емес пе?
Жаратқанмен тілдесу сөзбенен.

О, Мұхаммед, насихаттап Құран Кәрім
Бұл тура жол құтқаратын тегіс бәрін.
Ақыреттік ақиық пайғамбарым,
Көркейткен ақырет пен өмір мәнін.

О, Мұхаммед, алтын текті шежіресің,
Сен деп соғып мына жүрек елжіресін,
Осы жолда жанымыз құрбан болып,
Осы жолда ғұмырымыз тебіренсін!

О, Мұхаммед екі әлем сардарысың,
Парасат падишасы ардағысың.
Пайғамбарлар қауымына Имам болған.
Пайғамбарлар арасында саңлағысың.

О, Мұхаммед, неткен ғажап, парасатың,
Биік шың асқар таумен таласатын.
Неткен көркем уәзипаң, неткен ғажап,
Тек өзіңе жалғыз ғана жарасатын!

О, Мұхаммед, сені сүйер күллі Әлем,
Күллі Әлем, жолдап жатыр саған сәлем.
Салауатпен тек өзіңді дәріптейтін,
Пайғамбарға махаббаты, түпсіз терең.

О, Мұхаммед пайғамбарлар сұлтанысың,
Көкжиектен қылаң берген нұр таңысың.
Асқақ болған есімің күллі әлемге.
Жәннат бақтың ішіндегі гүлзарысың.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру