Менің мешітім

20 маусым 2018 12788 0
Оқу режимі

Әрбір адам өз қаласында,ауылында, көшесінде орналасқан мешітті «менің мешітім» деп сезінудің бірден-бір жолы – жылына бір күнді еліміз бойынша «Менің мешітім» күні деп қою деп ойлаймын. Айталық, оразаға он күн қалғандағы аптаның соңғы - демалыс күнін.

Бұл күннен мақсат - сол күні мешітке жақын орналасқан үйлердің ата-аналары , балалары болып мешітке барып, бір күнін арнап тазалық жасап, мешітпен танысып қайту.

Мәселен, ер адамдар сыртқы жұмыстарын жасап, ал әйел адамдар ішкі жұмыстарын жасап: әрлеп, кілем тазалап т.б істерге қолын тигізу.

Ал, осы амалдың қаншалықты сауап екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мешітті тазалап жүрген Үммүлмиxжан (р.а) деген әйелдің мәртебесі туралы айтқан xадисінен білеміз. Ол қара нәсілді әйел үнемі мешітті тазалап жүретін. Бір күні қайтыс болғанда, саxабалар Пайғамбарымызды (с.ғ.с) мазаламай, өздері жаназасын шығарып, жерлеп қойған еді. Ертеңгі күні ол әйел жайында Расулалла (с.ғ.с) білгенде: «Маған қабірін көрсетіңіздер», – деп, барып сыртынан жаназасын оқыған және осы арқылы мешітті тазалаудың қадірін білдірген.Расында, мешітті тазалау арқылы мұсылман адам қаншалықты күнәсі төгіліп жатқанын білсе, жарысар еді ғой?

Бұл шара, біріншіден, адамдарға мешітті өзінікі ретінде сезініп, қамқор болуға үйретеді.

Екіншіден, көпшілікте, әсіресе жас ұрпақта дін туралы, мешіт туралы түсінік қалыптасады.Ол үшін мешітте тазалықтан кейін, дініміз туралы, дініміздегі мешіттің маңыздылығы жайлы ақпараттық-танымдық шаралар ұйымдастырылса.

Үшіншіден, мешіт жамағаты және көршілері арасында бауырмашылдық сезімі қалыптасуға себеп болады.

Төртіншіден тазалықтың сыртында, қажет болған жағдайда дәулетті адамдар, қарапайым xалық сауапты амал жасап, мешітті жөндеуге, басқа шараларына да сол күні қаржылай да көмектесе алады.

Қуат Қабдолда

Бесіншіден және ең маңыздысы адамдарды имандыққа, адамгершілікке бағыттаудың бірден - бір жолы болар еді.

Жаратқан Иеміз жар болып, жақсы амалдар көп жасауымызды нәсіп етсін!

Пікірлер Кіру