Мамыт Әсел Алмасқызы

12 желтоқсан 2018 4420 0
Оқу режимі

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентіндегі аралас ЖОББ мектеп мектеп интернатының 11 «а» сынып оқушысы. Арманы –  мектеп бітірген соң «Нұр Мүбәрак» университетіне түсіп, сонда білім алу.

 

Адамзаттың асылы

Надандықтар жайлап тұрған әлемде,
Берілмейтін садақа да, сәлем де.
Осынау бір алмағайып заманда,
Жіберілді Пайғамбарым әлемге.

Шамы болған қараңғының жарық нұр,
Арсыздыққа бар дүние барып тұр.
Үлгі болған адамзатқа жалғанда,
Алайықшы Пайғамбарды танып бір.

Өмір жолы қилы сынақ бұралған,
Сол сынаққа сабырменен тұра алған.
Пайғамбарым саллаллаху алейхи уассалам,
Аумайтұғын тірі жүрген Құраннан.

Әкесінің сұлбасын да білмеген,
Ол жүргенде нұрланатын күн деген.
Мұсылманмын деген әрбір пендеге,
Ұят болар Пайғамбарын білмеген.

Анасының мейріміне қанбаған,
Бар ғұмырын хақ жолына арнаған.
Қиын қыстау болсадағы сан түрлі,
Пайғамбардың шыдамына таң қалам.

Зәм-зәмменен жүрегі шын жуылған,
Нәрестедей бейкүнә, пәк туылған.
Өз қауымы Пайғамбарын танымай,
Мекенінен бірнеше рет қуылған.

Ең абзал жан жер бетінде расында,
Құрмет еткен кәрісін де, жасын да.
Балалардан хәл сұрасып бірінші,
Кішірейіп тұратын ол қасында.

Ең сабырлы, ең шыншыл жан жалғанда,
Бағыттаушы пенделікке салғанға.
Сыбырласып барлығы да сұрайтын,
Адамзаттың ардақтысы барғанда.

Шындықпенен өмір жолын ақ қылған,
Дін жолында болған еді ол құрбан.
Мейірімді, көркем мінез асыл жан,
Жан дүниесі адалдықпен нұрланған.

Надандықты біржолата күйреткен,
Әдепке шақыруды игі еткен.
Сұм жолынан, шын жолына апарып,
Исламға келу жолын үйреткен.

Адамзаттың асылының асылы,
Жер бетінде мұсылман ғой басымы.
Өзің ғана ең үлгі жан пендеге,
О, Алланың жіберілген Расулы!!!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру