КӨЗ ТИЮ АҚИҚАТ

07 ақпан 2024 1864 0
Оқу режимі

Қалам сүресінің 51-ші аятында: “Ол кәпірлер үгіт-насихатқа, иләһи нұсқауларға толы Зікірді (яғни, Құранды) естігендерінде көкіректерін ыза-кек кернеп сені көздерімен ішіп-жеп, мұрттай ұшыра жаздайды (яғни, олар саған сұқ көздерін қадап көз тигізіп, тіпті қолдарынан келсе біржолата құртып жібергісі келеді)! ” дейді. Яғни мүшріктер жауыға, әрі қызғана саған ерекше өшпенділікпен қарағандары сондай, Aлла Тағала қорғамаса, ұшырып түсірердей дегені.

Хадисте назар тию жайлы “назар тию – ақиқат, oған адамзаттың және шайтанның қызғаны себеп болады” дейді.

Хасан Басри (рah.): “Көз тигенге ем – осы (Қалам сүресінің 51-ші) аятын оқу” деген.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) немерелері Хасан мен Хүсейінге мына дұғаны оқып тұрған: “Әғузү би-кәлимәтиллаһит-таммати мин-күлли шәйтанын уә хәммәтин уә мин-күлли айнин ләммәтин” және былай дейтін: “Ибраһим алейхиссәлам, Исмаил және Исхақ алейхиссәлам осы дұғаменен -көзден/назардан және басқа жамандықтардан- Алла Тағалаға сыйынатын”.

Хафыз Ширази айтқан: Хикмет және тәжірибесі бар адамдар жыртқыш айуандардың алдында бірдеңе жегенді жақтырмайды, oлардың көз жанарындағы жамандықтан сақтанады. Өйткені жан-жануардың -асқа ауған құлқыны себепті- осы кезде ішінде жаман бу көтеріледі, көз жанарларынан сыртқа тарайды. Бұл не нәрсеге тисе оны бүлдіреді. Сондықтан да олар мысық не ит тәрізді үй жануары болса да оған бірдеңелер беріп қоятын.

Көңіліне жаққан бірдеңе көрген адам оған берекелі дұғасын жасайды. Өйткені бұл; қайырлы дұға арнау көздің/назардың зардабын жояды. Хадисте “Араларыңнан біреу өзінде, мал-мүлкінде немесе бауырында көңіліне ұнаған бірдеңе байқаса, оған (машааллаһ, Aлла мүбәрак қылсын деген секілді) қайырлы дұға жасасын. Өйткені көз тию/назар – ақиқат” дейді.

Әлденеге қараған адам оны ұнатып әдеміні жаратқан Алла Тағала екенін мақұлдамаса, назар салған нәрседе Алла Тағала әлдеқандай кемшілік, кесел пайда қылады. Бұл індет сол қараған адамның ғапылдықпен көз тигізгенінің кесірі.

Пікірлер Кіру