КЕҢЕСУ - ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

01 наурыз 2024 1474 0
Оқу режимі

Қасиетті Құранда «Әл-Имран» сүресінің 159-аятында ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у) түскен: “Олармен ақыл-кеңес құр”, – деген аяты кеңес құрудың қажет екенін көрсетеді.

Ғасырлардан бері жалғасып кележатқан адамзат тарихындағы “Ой қосу” деп аталатын “обьект” адамзаттың дамуы мен ғылымның алға жылжуына үлкен үлес қосқан.

Азия елдерінің (мұсылмандардың) артта қалуының бір себебі шынайы түрде кеңес құрмауы. Азияның, оның ішінде Қазақстанның болашағын жарқын ететін кілт - Кеңес құру. Бір жетістікке жету үшін ақылдасып амал жасағандар озады. Асығыстықпен жасаған істің нұқсандығы да көп болады.

Сондықтан, отбасы, әулет, ұйымдар мемлекеттер тіпті материктер өзара бір-бірімен кеңес құруы маңызды. Қазақта: “Кеңесіп барып пішкен тон келте болмас” - деген сөзі өте орынды.

Ескеретін бір жәйт: Кеңесу барысында өзара іс-қимылдың оң динамикасын сақтау маңызды. Сол кезде ғана ол маңызды саяси - әлеуметтік активке айналады!

 

 

 

 

Пікірлер Кіру