ІНЖІР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07 қыркүйек 2022 7260 0
Оқу режимі

Құранда кейбір тамақтар мен өсімдіктердің аттары анық аталып өтілген. Кейбір тағам түрлерінің Құранда аталуы көзі ашық адамдарды ойландыратыны анық. Бұл тамақтардың  Құранда аталатындай нендей пайдасы бар? Уақыт өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізілгеннен кейін көптеген тамақтардың пайдасы мен зияны анықтала түсуде. Құранда аты аталған тамақтардың жаңа қырларын анықтау арқылы олардың адам өмірі мен денсаулығында қаншалықты пайдасы туралы көбірек түсіне бастаймыз. 

Қасиетті Құран Кәрімде аты аталған жемістердің бірі – Тин (Інжір сүресі). Тин - інжірдің арапша атауы. Бұл сүренің алғашқы аятында Ұлы Жаратушымыз: «Інжірге және зәйтүнге серт», – деп баяндайды. Олай деуінің себебі, Інжір мен зәйтүн – пайдалы жеміс, адамның денсаулығы мен өсуіне айтарлықтай әсер етеді және аурулардың алдын алады, һәм дәмі тіл үйіретін азық және сауда-саттық тұрғысынанда пайдалары жетерлік.

Інжір - тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс. Тамыры жақсы дамыған, сабақтары жасыл, сүтті-шырынды ағашта өседі. Аталық ағашын капфирикус, ал аналығын фиг деп атайды. Ылғалды жерде өсіп, жаздың ыстығына төзімді, топырақ талғамайды, бірақ қара шірігі мол саздақ топырақта жақсы өседі. Тарихшылардың айтуы бойынша, ең алғаш Малайзияда пайда болған екен. Інжір -  түрлі дәрумендерге бай. Атап айтсақ құрамында C,B1,B2 дәрумендерімен қатар каротин, кальций, калий, фосфор, қант, пектин заты бар.

Мысалға, кептірілген інжір құрамы мынадай болып келеді: 
Су (%) ………………………….. 23
Кұнарлығы …………………….. 274
Белок (%) …………………….... 4,3
Майлылығы (%) ……………..... 13
Углевод (%) ……………………. 69

Витамин А …………………………. 1,6
Тиамин, B1 ………………………… 7,1
Рибофлавин, B2 ………………..... 6,2
Ниацин …………………………….. 3,9
Кальций …………………………….15,8
Фосфор …………………………….. 9,6
Железо ……………………………... 30
Натрий ……………………………… 0,8
Калий ……………………………….. 14

Інжір қандай дертке дауа?

Інжір мен зәйтүн тағамдық және фармацевтикалық құндылыққа ие болғандықтан, адам денсаулығында ерекше рөл атқарады. Інжір қақырық себебінен болатын құрғақтықты кетіріп, әсіресе тамақта толық шықпай қалған қақырықты түсіреді, тамақ,  кеуде, суық  тию, тұмау ауруларына өте пайдалы. Жөтелі күшейген адам үшін таптырмас ем. Зәрді көбейтеді. Тәбеті нашар болған кісі үшін аш қарынға жаңғақ немесе миндаль дәнімен қосып жесе тәбеті ашылады. Әрі суық тиюге қарсы антисептик боп саналады. Гемморой, қан тамырлары ауруына інжірдің пайдасы мол. Бүйрек тасын түсіріп, қуықты тазалайды. Улануға қарсы күресу қасиетіне ие. Кептірілген інжір де өте пайдалы. Мәселен, сүт немесе сумен қайнатып ішсе, қызылша, қышыма  ауруларына, ыстық-суықтан пайда болған қызаруларға пайдалы. Жүйке жүйесін тыныштандыру қасиетіне ие. Суға  қайнатып ауыз қуысын шайса, етжиек жараларына ауыз қуыс жараларына ем. Інжірдің жүкті немесе бала емізетін аналар үшін орасан зор пайдалары бар.

Інжірді піскен немесе шикі күйінда пайдалануға болады. Сондықтан оны жылдың кез келген мезігілінде қолдана аламыз.

Жеуге болмайтын жағдайлар: Інжір ішектері қабынған немесе қант диабеті ауыруына шалдыққан адамдарға көп пайдаланбаған жөн. Сондай‑ақ, інжір жеу бауыры әлсіз адамдарға және ас қорыту жүйесі ауыратын адамдарға насихат етілмейді. Себебі інжірдің құрамында қант және ақуыз мөлшері жоғары.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Кімде-кім жүрегінің жақсы жұмыс істеуін қаласа, інжір жеуді жалғастырсын» деп айтқаны тегін емес. Себебі, құрамында калий көп болғандықтан, жүрек-қан тамырлары ауруларына таптырмас ем, мұны қазір медицина ғылымы да дәлелдеп отыр.

Ислам тарихшыларының айтуынша, Зұлқарнайын жорыққа шыққанда ас орнына пайдасы мол, алып жүруге ыңғайлы адамды тойдыртатындай азық ретінде осы інжір жемісін көп пайдаланған екен. 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру