Гүлмира Есенбекқызы

03 желтоқсан 2018 4023 0
Оқу режимі

1999 жылы 18-наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Ауылшаруашылық колледжінің 4-курс студенті.

Пайғамбарлар сұлтаны

Бисмиллəһ деп бастайын сөздің басын. 
Үмметі Мұхаммедтің мен болғасын. 
Сағынып, мөлтілдетіп көздің жасын, 
Гүлмира бұл жырларды сізге арнасын 

Пəк болған, Уа Ардақты Пайғамбарым!
Көз ілмей біздер үшін қылған уайым. 
Қияметтің сағаты туған кезде, 
Шапағат етіп жүрші бізге əрдайым! 

Расулым ең ақылды сіз ғой дана, 
Өзінен басқа бəріне болған пана . 
Пайғамбарын қадірлеп өтетіндей 
Болса екен əр қазақта ой мен сана! 

Сүйіктісі Алланың, Расулаллам! 
Ата-анам да сіз үшін болсын құрбан. 
Бес күндік өте шығар өмірде жалған, 
Біз жүрейік хақ жолмен Расул салған! 

Бұл əлемге рахым болып келдіңіз, 
Жаратқанның махаббатын сездіңіз. 
Адалдықпен əр қадамды аттаумен, 
Харам менен арамдардан бездіңіз. 

Əмин болған адамзаттың Сұлтаны! 
Құлшылықпен атқан екен əр таңы. 
Сүннетпенен қуантсам өзіңізді 
Бір мен үшін маңызды емес қалғаны. 

Қанағатшыл,қадірлі, Алла елшісі, 
Тал бойынан табылмаған бір кем тұсы. 
Артында мың сан қалған үмметі үшін 
Үлгі-өнеге боп қалар əрбір ісі! 

Үстем болды Расулға елдің махаббаты, 
Аталған бейбіт дінмен қатар аты 
Сіз ғана адамзаттың қайырлысы 
Алланың шашып туған шапағаты!

Тазалардың тазасы, көркемдердің көркемі 
Табылмайды бұл өмірден сізге келер сөз теңі
Еңбексүйгіш,мейірімді,барлығына жанашыр
Үлгі етерлік жалғыз адам, Сіз-Расул!

Пайғамбарлар сұлтаны тек өзіңіз! 
Ақиқатты айтады əр сөзіңіз. 
Бар мейірім төгеді нұр жүзіңіз , 
Тек жақсыны көреді қос көзіңіз. 

Өзіңізге,Пайғамбарым, ғашықпын, 
Өкінішті-ақ,бірақ сізден қашықпын. 
Сабырменен күтіп жүрмін «Сол күнді» 
Өзіңізді бір көруге асықпын. 

Сөз соңында айтарым,тыңдарманға 
Салауат айтып жүрші əр таңдарда . 
Үммет болған ең Ардақты Пайғамбарға 
Шіркін-ай,мына бізде арман бар ма?!..

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру