Есікті үш рет қағудың сыры

18 қаңтар 2021 5366 0
Оқу режимі

Бір күні Әбу Мұса әл-Әшғари хазірет Омардың үйіне келеді. Табалдырыққа жақын келіп, есікті үш рет қағады. Іштен «кір» деген дауыс естімеген соң, келген ізімен кері қайтады. Омар (р.а.) шаруасын бітірген соң «Абдуллаһ ибн Қайстың даусын құлағым шалғандай болды, рұқсат етіңдер, ішке кірсін», – дейді.

Қасындағылар оның қайтып кеткенін айтады. Хазірет Омар (р.а.) артынан адам жіберіп, Әбу Мұсаны шақыртып алады да, «Неге күтпедің?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Мұса (р.а.) тұрып: «Расулалла бізге: «Бір жерге кірмек болсаңдар, алдымен есікті үш рет қағып рұқсат сұраңдар, егер рұқсат берілмесе, кері қайтыңдар», – деген еді» – дейді.

Хазірет Омар: «Мен бұл айтқаныңды естімеппін, бұған куәң бар ма?» – деп сұрайды. Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбар мешітіне келіп, мән-жайды сол жерде жиналған сахабаларға баяндайды. Үбәй ибн Кағыб: «Мұны нақтылау үшін жасы үлкендерді жіберіп әурелеудің қажеті жоқ, өйткені мұны жастардың өзі жақсы біледі», – деп куәлікке Әбу Саид әл-Хұдриді Омарға (р.а.) жібереді.

Омар (р.а.) мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізген соң: «Мен саған кінә артайын деген ниеттен аулақпын. Бар ойым кез келген біреудің «Расулалла айтқан» деп өтірік қауесет таратуынан қауіптенемін», – дейді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру