Ең жақсы антибиотик

17 маусым 2020 9455 0
Оқу режимі

Сарымсақтың құрамындағы элементтің тамақтың улануына қарсы ең жиі қолданылатын екі танымал антибиотиктен 100 есе қуаттырақ екені анықталды. Құрамындағы диаллилдисульфид, ауруға жол ашатын және бактеряның жойылуын қиындататын әртүрлі биопленкаларды жояды. «Antimicrobial Chemotherapy» журналында жарияланған мақалада бұл элементтің тамақтан уланудың емделуінде жаңа бір жол ашатыны мәлімденді.

Washington State университетінің докторы Майкл Конкел былай деді: «Бұл өте қобалжытатын нәтиже. Өйткені айналамыздағы бактериялардың және азықтардың жол ашатын уланудың алдын алатын басымдылықтарды көрсетеді.» Campylobacter – АҚШ-та және дүниеде ең көп кездесетін тамақтан улануға себеп болатын бактерия. Оның белгілері әдетте құсу, түйілу, іш ауруы және дене қызуы болады.

Антибиотиктің орнына сарымсақ суы

Америкалық мамандар сарымсақ суының антибиотикке қарсы төзімділік қалыптастырған микробтарды өлтіретіндігін анықтады. Сарымсақтың жүрек және тамыр жолдарының қорғаушысы, қан қысымын түсіруші әсерімен қоса, бауырдың аз холестерин және май өндіруін қамтамасыз ететіндігі, қан айналымын жақсартып тамыр қатаюының алдын алатыны бұрыннан белгілі еді. Мамандар сарымсақтың бұл қасиетін «Антибиотиктің жасай алмағанын сарымсақ жасады» деп атауымен, АҚШ-та құрамында сарымсағы бар дәрі-дәрмектердің сатылымы көтерілгені байқалды. Сондай-ақ дәрілерден гөрі сарымсақтың өзін тікелей тұтыну пайдалырақ екендігі де мәлімденді. 

Дереккөз: bilim-all.kz

Пікірлер Кіру