Екі жас некеге дейін өзара қандай сұрақтар қоюы тиіс?

27 қыркүйек 2018 15100 0
Оқу режимі

Бұл мақала он екі сұрақтан, яғни ер адам өзінің үйленуге бел байлаған қалыңдығына және әйел адам өзінің тұрмысқа шығуға бел байлаған еріне қоюға тиісті он сұрақтан тұрады. Бұл жиырма екі сұрақ ерлі-зайыптылардың бақытты отбасылық өмір сүрулерінің кепілі болып табылатын, яғни құқықтары мен міндеттерін сақтауды қамтиды.

Ер адамның қалыңдыққа қоюға тиісті сұрақтары:

1. Неке байлық немесе сұлулық үшін емес, жақсы отбасын құру үшін, яғни нәпсіні тыйып, ұрпақ жалғастыру үшін жасалады. Сіз осы жайлы не ойлайсыз?

2. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 34-ші аятында отбасының жауапкершілігін ер адамға жүктеген. Сіз онымен келісесіз бе?

3. Исламның талаптары бойынша, әйел адамға өзінің ерінен басқа ешкімге қарауға болмайды, сондықтан әйел адам бөтен ерлердің алдында жабық киініп жүруі керек. Осы сұрақ бойынша сіздің пікіріңіз қандай?

4. Әйелі өзінің ерін оған ұнайтындай етіп атауы керек. Сонымен қоса ол өзінің күйеуін жылы жүзбен қарсы алып, жүріс-тұрысымен оған сый-құрмет көрсетуі керек. Сіз осымен келісесіз бе?

5. Осы өмірде Алла Тағала барлығымызға сынақ береді. Сіз жұмыссыздық пен кедейлікке шыдай алар ма едіңіз? Және өзіңізді бай әйелдермен күндестіктен сақтай аласыз ба?

6. Көбінесе әйел адам үйде болуы тиіс, үй шаруаларымен айналысуы керек. Егер де үйінен шыққысы келсе, онда ол өзінің күйеуінен рұқсат сұрауы қажет. Бұған не дейсіз?

7. Әйел адам өзінің күйеуінің проблемаларын түсінуі керек және оны жалғыз өзін сол мәселелерімен қалдырмауы тиіс. Сондай-ақ күйеуі де әйелінің мәселелеріне де түсіністік білдіруі қажет. Сіз осы туралы не ойлайсыз?

8. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің құпияларын және кемшіліктерін өздерінің ата-аналарына немесе басқа біреулерге жайып салмауы керек. Отбасылық құпия, сырларын қатаң сақтау қажет. Сіз осымен келісесіз бе?

9. Әйел күйеуінің ата-анасына және туыстарына өзінің туған ата-анасына көрсеткендей махаббат пен сыйластық көрсетуі тиіс. Сіз осы туралы не ойлайсыз?

10. Егер ерлі-зайыптылардың туыстары немесе тіпті олардың ата-аналары немесе туған ағасы және апалары көреалмаушылық немесе опасыздық себептерімен олардың некесін бұзатын болса, әйелі мен күйеуі әрқашан бір-бірін қолдап, отбасылық қарым-қатынасты сақтаулары қажет. Сіз осы жайлы не ойлайсыз?

11. Мен, басқа да кез келген адам сияқты, әйелдердің сұлулығы мен тартымдылығына сенемін. Алайда, сырт келбет пен тән сұлулығы ең бастысы емес деп ойлаймын. Сіз менімен келісесіз бе?

12. Шариғат бойынша да, әдет-ғұрып жағынан да әйел адам өзінің күйеуін тыңдауы керек. Егер әйелі еріне бағынбаса, онда ол өзінің міндеттерінің бірін орындамаған болып саналады, және сондықтан да күйеуі әйеліне күнелтуге қажет қаржымен қамтамасыз етпеуі мүмкін. Осы жайында сіздің пікіріңіз қандай?

Қалыңдықтың еріне қоюға тиісті сұрақтары:

1. Ері әйелін азық-түлікпен және оған қажетті заттармен қамтамасыз етуі тиіс, ал егер материалдық жағдайы жететін болса, онда әйеліне бағалы сыйлықтар, әшекейлер әперуі тиіс. Егер әйелі сырқаттанып қалса, күйеуі оны емдеуі қажет. Сіз осымен келісесіз бе?

2. Әйеліне масыл болдың деп қарамауы керек, себебі ол жанұяңның негізгі құраушысы. Исламға сәйкес, әйел – ол Алланың берген аманаты, сондықтан күйеуі әйеліне сыйластықпен және түсіністікпен қарауы қажет. Сонымен қоса, исламда ерлі-зайыптыларды «бір-біріне жамылғы» ретінде сипаттайды. Осы сұрақ бойынша сіздің пікіріңіз қандай?

3. Ер адам әйелін ұруға қақысы жоқ. Егер де күйеуі әйеліне қол көтерген жағдай болып қалса, онда ол дінде бекітілгендей, оған орнын толтыратындай өтемақы төлеуі тиіс. Егер әйелі өзінің күйеуіне бағынбаса, онда алдымен оны ақылға салу қажет. Сіз осымен келісесіз бе?

4. Ер адам өзінің әйелі сияқты жеке басының гигиенасын, тазалығын сақтап, өзіне қарауы керек. Осы жайында не ойлайсыз?

5. Күйеуі әйеліне, ислам дінінде шектелмеген, үйлену салтанаты немесе жерлеу рәсімдеріне баруына кедергі жасамауы тиіс. Егер де ол оған бөгет жасайтын болса, онда әйелі үй жинау, кір жуу, тағам әзірлеу сияқты өзінің міндеттерін орындаудан бас тартуына болады. Осы туралы не ойлайсыз?

6. Күйеуінің өзінің әйеліне деген махаббаты бәсеңдемеуі үшін, ол әйелі үйге келгенде сәлемдесіп, үйден шығарда қоштасуы керек. Не айтасыз?

7. Алланың елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жасағандай, күйеуі әйеліне үй шаруасын орындауда көмектесуі қажет. Сіз осымен келісесіз бе?

8. Егер әйелі қандай-да бір жаңсақтық іс жасап қойса, онда күйеуі оған айғайлап, дауыс көтеріп, ұрсуға болмайды. Сіз осы жайлы не ойлайсыз?

9. Тұрмыстағы әйел адал ақша тауып, жұмыс істесе, сіз оған қалай қарайсыз?

10. Ері өзінің әйеліне күдікпен, күмәнмен қарамауы тиіс. Сондықтан ол өсек, ғайбат айтушыларға және фитна таратушыларға сенбеуі керек, тіпті оның өзінің ата-аналары және басқа да адамдар не айтса да бәріне сене бермеуі керек.

Дереккөз: Аударған Назерке Нығыманова

Пікірлер Кіру