ДҰРЫС НИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН РИЯКАРЛЫҚТЫҢ ЖАМАНДЫҒЫ

18 сәуір 2024 1315 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шүбәсіз Ислам (барлық әмір, тыйымдары, әдептері, іші мен сырты) – таза. Онда сендер де (осыларға бағынып материалдық әрі рухани) тазаланыңдар. Өйткені жұмаққа тек таза болғандар кіреді». («Кәнз ул-Уммал»)

Хорасандық ғалымдардан болған Хамид әл-Ләффаф (рах.) былай дейді: Алла Тағала ниеті бұзық, іші бүлікке толы, риякар адамды мына үш нәрсемен жазалайды:

•    Оған білім нәсіп қылады, бірақ нағыз ғалымдар сияқты амал ету нәсіп болмайды. 

•    Оған ізгілердің сұхбатын нәсіп қылады, алайда ол ізгілерді шынайы түсінуді нәсіп қылмайды.

•    Оған мойынсұну есігін ашады. Бірақ амалдарын ықыласпен жасау бұйырмайды.

Алла Тағала ілімнің пайдасын, ізгілерді шынайы тануды және ықыласпен амал жасауды ниеті дұрыс адамға нәсіп қылады.

 

Пікірлер Кіру