ДАНАЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

26 маусым 2024 1794 0
Оқу режимі

Хикмет сөзі араб тілінен аударғанда белгілі бір нәрсені басқа бір нәрседен тыю немесе бір нәрсені жетілдіру мақсатында қорғау, яғни оны бүліну мен бұзылудан сақтап қалу дегенді білдіреді.

Мысалы: Жануардың еркін жүруіне мүмкіндік бермейтіндіктен ауыздығын тізгін деп атайды. Зұлымдықтың алдын алу қажет болғандықтан дұшпандықты жойған адамды қазы және оның шығарған шешімін үкім деп, ал, адамдарды надандық пен бұзықтықтан сақтайтын ізгілікті даналық деп атайды.

Хикмет сөзінің бастапқы мағынасында бір істі мінсіз, дұрыс, орнымен орындау дегенді білдірсе де, оны әдет-ғұрып бойынша адамның білімі мен ісінің толыққандылығы, кәмілдігіне айтылады. Даналық - білім мен ақыл, сөз бен амалда, ақиқатқа адал болу, болмыстардың шындығын мүмкіндік шегінде білу сияқты көркем мағыналармен сипатталған.

Хикмет - Алла тағаладан болғанда жаратылыстың ақиқатын танып, оларды ең кемел түрде жарату деген сөз.

Адамдар арасында  хикмет иесі болғандар, олар Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.у.) және оның білімін, ілімі мен имандылығын мұра еткен асыл адамдар. Өйткені сол қасиетті адамдар Алла Тағаланың мәңгілік даналық қазынасынан хикмет нұры мен кемелдік қасиеттерді алып, адамдарды шынайы бақыт пен тура жолға бағыттайды.

Басқаша айтқанда, хикметке ие болу ақыл-ой, іс жүзінде және рухани тұрғыдан кемелденген барлық жақсы қасиеттердің үлгісі болуға байланысты. Демек, даналық адам бойындағы көркем мінез бен қасиетке айналады. Әйтпесе, адам белгілі бір ғылымдарды үйреніп, жаттап алумен немесе кейде ақиқат пен шындыққа еру арқылы даналыққа жете алмайтыны анық.

 

Пікірлер Кіру