«БІЛМЕЙМІН» ДЕГЕН СӨЗ – ІЛІМНІҢ ЖАРТЫСЫ

29 сәуір 2024 1367 0
Оқу режимі

Ілім үйренудегі және оны басқаларға жеткізудегі адалдық пен хақиқи шын пейілдің белгілерінің бірі – ілім іздеуші яки ілім үйренуші адамның өзіне беймәлім нәрсе туралы сұрақ қойылғанда, «білмеймін» деп айтуды ұят көрмеуі.

Ғұламалардың қайсысына болса да көп сауал берілгенде, олар өздерінің білгендеріне сәйкес қайсыбір сауалдарға жауап беретін,, ал сауалдардың көпшілігіне қайтарған жауабы «білмеймін» деген сөз болған жағдай өткендер өмірінде көп кездескені белгілі.

Сөйтіп, адамдар «білмеймін» сөзі – ілімнің жартысы» дейтін болған, өйткені бұлайша жауап қайтарған адамдардың бұл сөзі олардың бұдан басқа айтқандарын анық білетіндігінің айғағы болады.

Мәселен, Алла Елшісі (с.ғ.с) өзінің соншалықты биік дәрежесіне қарамастан, кейбір мәселеде: «Сұралушы сұраушыдан көп білмейді» деп жауап берген. Ал мұның ешқандай ерсілігі жоқ. Бұған орай Алла Тағала: «Сендерге білімнен аз ғана берілді»,- деген.

 

 

 «Имам ән-Нәуәуи таңдаған

қырық хадис шархы» кітабынан...

 


 

Пікірлер Кіру