Бекпенбетова Сандуғаш Серікқызы,

20 желтоқсан 2018 5011 0
Оқу режимі

1997 жылы Қызылорда қаласы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Орталық мешіт шәкірті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс магистранты.

Пайғамбарлар сұлтаны
Биссмилләһир рохмәнир рохим!

Заман тыныш, адам тыныш бұл күнде,
Шүкірім бар әрбір сәттік күлкімде.
Қабыл болып Аллаға еткен дұғасы,
«Үмметім» дер,
«Үмметім» дер күн-түнде...
Я, Расулым, сізді еске алмау мүмкін бе?!

Тіл - күнәһар, сөзім - әрсіз, күлсем - той.
Көз - жылатар, өзім - әлсіз,
Білсең ғой...
Бір ғасырлық жаныма азық болар ед...
Бірер сағат жаныңызда жүрсем ғой...

Жоққа - пана, жесір жанға - қолқанат...
Өзіңіздей (с.ғ.с.) кім мұқтажды қорғамақ?
Жерге сіңді Сізге (с.ғ.с.) деген сағыныш,
Жетімдердің жанарынан сорғалап...

Жүректегі ақыреттік әр қайғы...
Сызық-сызық әжім қылған маңдайды.
Қарт жанына, тіпті, Күннің көзі де
Сіз (с.ғ.с.) секілді жылу сыйлай алмайды.

Түрленетін көңілінің күйі - мың
Кербез болдық, сәндеп киген киімін...
Жоқты бардай, барды жоқ қып жалмаған
Бұл әлемге...
жетпейтіні - МЕЙІРІМ...

Мұқтаж да көп, дұға болған - қорегі.
Жаратқаннан сұрайды Олар,
Себебі:
Сынағына сабыр қылса, бір күні
Пайғамбарды (с.ғ.с.) көреміз деп сенеді.

Сенем менде, жүрегіммен, жаныммен.
Сенген жанға:
Жәннәт - жақын,
Қабір - кең...
Расул (с.ғ.с.) үшін тас болуға көнер ем -
Табанының астына кеп төгілген.        

Періштелер, сәлемімді жеткізгін...
Періштелер, сәлемімді жеткізгін!
Шапағаттан үмітіміз көп біздің...
Пайғамбарлар Сұлтаны еткен Тәңірі
Арттан ерген Үмметіңбіз тек Сіздің (с.ғ.с.)!

Ақиқатқа, Хақ жолына бастаған...
Сізге деген сағыныштан мас ғалам! 
Бір көрініп, жанымызды жұбатшы
Я, Мұхаммад!
Сәләллаһу ғалейхи уәссәләм!..

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру