БАЙДАЛЫ БИ МЕН АҒА СҰЛТАН ТҰРЛЫБЕК

05 қараша 2024 399 0
Оқу режимі

Байдалы би аға сұлтан Тұрлыбекке жолыққанда, Тұрлыбек:

"Е, е, би, күйің қалай?"- депті.

Сонда Байдалы би:"

Кер биің кеңестен қалды,

Кер торы ат шабыстан қалды.

Ел азды, жұрт тозды.

Бұл күндерде біздерден,

Жұртта қалған ала-шолақ ит озды",- депті.

Аға сұлтан Тұрлыбек:

"Би, сізде балалар бар емес пе еді?"- дейді.

Байдалы би:"

Пышақ тозып, сағада қалды,

Шапан тозып, жағада қалды.

Билік тозып, балада қалды,

Билер тозып, далада қалды",- деген екен.

Тұрлыбек Байдалы биді ағалап, ел аралатып, үлгілі өсиет сөздерін тыңдап, олжамен қайтарған екен.

 

Пікірлер Кіру