БАРАР МЕКЕНІМІЗ МӘҢГІЛІК!

05 наурыз 2024 1438 0
Оқу режимі

Дүниенің бар екендігі қаншалықты ақиқат болса оның Пәни (өткінші) екендігі де дәл сондай ақиқат. Бұл баршамызға мәлім. Алайда көпшілігі  бұл жайында ой жүгірте бермейді. Бір қызығы бізді осы дүниемен қоштастыратын өлім сәті жақындаған сайын біз одан ұзақтай түсеміз.

 Ол бізге дос болып көрінсе  де біз оны дұшпан деп қарсы аламыз. Егер онымен дос болсақ, дүниедегі ғұмырымызға мән кіріп, пәнилік алаңдаушылық мазамызды алмайтын болады. Алайда достық құрудың орнына қашатын болса дүниеде өмір сүру қиын бола түседі. Әркім осы жалған дүниенің бір шетін уысына алып қалу үшін жан-тәнімен бір-бірімен талас-тартысқа түседі.

Ал адам иманның арқасында дүниедегі  басы бос жүрістен құтылып, жер мен көктің Раббысының қадірлі қонағына айналады. Жер мен көктің барша нығметтері сол қадірлі қонақтың алдына жайылады. Пәнилік деген термин өзгеше бір қалыпқа еніп өмірінде бір өзгеріс пайда болады.

Дүниенің сәні мен салтанаты өте берсін. Қалай болса да орнына жаңасы келері  ақиқат. Себебі олар пәни болса да оларды жолдап тұрушы мәңгілік. Дүниедегі ғұмыр қысқа болсын, барар мекеніміз мәңгілік.

Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Заман да оны илемек.     (Абай)

 

Пікірлер Кіру