Аз күліп, көп жылар едіңдер

30 шілде 2021 6555 0
Оқу режимі

Ардақты сахаба Әнас (р.а.) былай дейді: 

«Бірде Расулалла (с.ғ.с.) сахабалар жайлы жағымсыз хабар естіп, оларды жинап алды да, оларға: «Алла Тағала маған жәннат пен тозақты көрсетті. Сол күнгідей жақсылық пен жамандық атаулыны бұрын-соңды көрген емеспін. Егер менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деп уағыз айтты.

Бұған дейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабаларының басына дәл осындай ауыр күн тумаған еді. Еңселері түскендігі соншалық, бастарын бүркеп алып, егіліп жылаумен болды».

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру