АҚЫРЕТКЕ СЕНБЕУ, АҚЫМАҚТЫҚ ЖӘНЕ НАДАНДЫҚ БОЛАДЫ

12 қазан 2023 2278 0
Оқу режимі

Хазреті Әли (карромаллаһу уәжһәһ) былай деген:

«Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбейтін біреуді көрсең оған былай де: Мен сенемін, иман келтіргенмін. Сенің айтқаның дұрыс болса, мен бұдан еш зиян көрмеймін. Менің айтқаным дұрыс шықса, сен мәңгілікке отта жанасың!» Яғни, сенетін адам дінге мойынсұнып, ешкімнің құқығын таптамай, ешкімнің ақысын жемей адал өмір сүріп, көркем мінезімен дүниеде жақсы адам болғанындай ақыретте де мұның жемісін көреді. Ал сенбейтін адамның дүниеде шектеулері болмағанындай ақыретте азапқа ұшырайды. Сенбейтін имансыз бір адам өлсе, өзінің сенімі бойынша жоқ болады. Ал сенетін иманды адамның көзқарасы бойынша, ол жаһаннамда мәңгі азап шегеді. Сенетін иманы бар адам өлсе имансыздардың көзқарасы бойынша жоқ болады, ал өз сенімі бойынша шексіз ләззаттар, ниғметтер ішінде өмір сүреді.

Ақылы мен білімі бар адам осы екеуінің қайсысын таңдайды? Әлбетте екіншісін емес пе? Дүние істеріндегі және әлемдегі жүйелілік пен заңдылықтар, ақыл иелеріне Алла Тағаланың бар екенін хабар беріп көрсетіп тұр. Ал ақыреттің бар екенін де Алла Тағала хабар беріп тұр. Олай болса, ақылы мен білімі бар адамның Алла Тағаланың бар екеніне және бір екеніне сенуі қажет. Сенбеу, ақымақтық және надандық болады.

Исламға мойынсұнған адам дүниеде рахат және бақытты өмір сүреді. Барлық адамдарға жақсылық жасайды. Алла Тағала құлдарына көп мейірім еткені үшін, пайдалы нәрсені жасауды әмір еткен. Бұл әмірлерге «парыз» делінеді. Зиянды нәрселерге тыйым салған. Оған «харам» делінеді. Парыздар мен харамдардың барлығына «Ислам үкімдері» делінеді. Исламға сенген және мойынсұнған адам дүниеде және ақыретте Алла Тағаланың жақсылығына қауышады, бақытты болады. Сенбеген адам ақылы мен дүниеде пайдалы болған үкімдеріне ұйыса, тек дүниеде бақытты, рахат өмір сүреді. 

 

Пікірлер Кіру