АНАМНЫҢ ӨТІНІШІ
03 ақпан 2022
5407
0
Оқу режимі
Шешесі бірде Әбу Ханифаға өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын.
Әбу Ханифа анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол жауапты білетін еді, айтып берді.
Таңырқаған Омар ибн Зәрр: «Өзің де біледі екенсің, маған несіне келіп әуре болдың?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Шешемнің аузынан шыққан өтінішін орындау – менің міндетім», – деп жауап берген екен.
Құдайберді Бағашар
Пікірлер
Кіру