Алаш Тұрсынәлі

17 желтоқсан 2018 4385 0
Оқу режимі

Сәкен Сейфуллин музейінің ғылыми қызметкері. Республикалық жыр-мүшәйралардың жеңімпазы.

Бұйырса Жаратқаннан маңдайға бақ

Естіліп азан дауысы алғаш рет.
Жиналып бойындағы бар қасиет.
Дүниенің түнегін серпіп ашып,
Келеді адамзатты алға сүйреп.

Ұғынып әділдікті қал бауырым.
Сезініп пайғамбардың салмақ үнін.
Ақ жолыңа бастаған құдыреттің,
Ақ туына жинаған Алла құлын.

Шүкір айтып келеміз әр ақ таңға.
Тиістіміз сәт сайын мадақтауға.
 сансыз мадақ,айтамыз тәуба дейміз,
Сені бізге сыйлаған Жаратқанға!

Шексіз бақыт адамға тіледім мен.
Азан дауысы ғажайып күй өрілген.
Алланың үні жеткен әр пендені,
Кіршіксіз жүрегімен сүйе білген.

Алла үшін сан түскен мың егеске.
Алла сөзі әрдайым жүреді есте.
Хақ жолында болады тек иманды.
Иман деген Алланың нұры емес пе!

Иман нұрын сыйладың үмбетіңе.
Бір Алладан сұранып күнде өтіне,
Аздық етер алланың соңғы елшісі,
Сан салауат айтақ та құрметіңе.

Бұйырса Жаратқаннан маңдайға бақ.
Сені ойласам көңілде қалмайды азап.
Пайғамбардың жолымен ғұмыр бойы,
Жүріп өту шіркін-ай қандай ғажап!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру