«ӘКІМ» ДЕГЕН СӨЗДЕН ШЫҒАТЫН АЛТЫ ТҮРЛІ КЕСАПАТ

14 қыркүйек 2023 2592 0
Оқу режимі

Әз Тәуке хан заманында қазақ арасында Бұхара - шәріптегі он екі баб ғылымынан хабар беретін Көкілташ медресесін аяқтаған ӘНЕТ БАБА деген өте ғұлама ғалым, ақылгөй адам болыпты. Сүйегі Тобықты дейді. Қазақтың ескі жолын үйрендім, Қасым ханның қасқа жолы, Есімнің ескі жолын жаттадым, ендігі білгім келетіні дін мұсылманның шариғат жолы, соны үйренемін, - деп

Қаздауысты Қазыбек би жас кезінде әдейілеп көшіп келіп, бабаңмен бір жаз қоныстас болыпты. Күз еліне қайтарда Бабаңмен қоштасып тұрып,

 - Баба! – Мына дүниені не бұзады? Адамшылық ар қалай бұзылады? Күнә неден болады? – деп сұрапты.

Сонда Бабаң ойланып отырып:

- Шырағым, «Әкім» деген сөз арабша үш әріп, соны екі рет айтса, алты әріп болады. Сол алтауы алты сөздің басқы әріптері:  Әйел мен Алтын, Кек пен Кежір, Мақтан мен Мансап.

Адам осы алтауына қызығып дүниені де бұзады, ардан да, адамшылықтан да айрылады, күнәға да батады, -деген екен.

 

Ж.Артықбаевтың фб парақшасынан

Пікірлер Кіру