Жұбайлар жанасса ғұсыл алу керек пе?

10 қыркүйек 2020 10964 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Шариғатта сұрап-білгеннің айыбы жоқ деген ниетпен мына мәселені білгім келеді: Төсекте ерлі-зайыптылар жыныс мүшелері бір-біріне тисе ғұсыл алу парыз ба? Ержан  


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Ер кісі жыныс мүшесінің басы әйелдің жынысына енсе ғұсыл алу міндет болады[1]. Мұндайда мәни шықса да, шықпаса да толығымен жуыну парыз.

 Бұған негіз ретінде мынадай хадистер бар:

1.Әбу Мұса Ашғари (р.а.) риуаяты: «Бір топ мұхажир және ансар сахабалар тартысып қалды. Ансарлықтар: «Ғұсыл тек ұрық атып шықса ғана міндет болады», – деді. Ал, мұхажирлер: «Ерлі-зайыптылар жанасса ғұсыл міндет», –десті. Әбу Мұса: «Сендердің мәселелеріңді мен шешіп беремін», – деп, мұсылмандар анасы Айшаға (р.а.) барып сұрады. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Ер кісі әйеліне жақындап, бірінің мүшесі біріне жанасса – ғұсыл міндет» дегенін айтқан[2]»;

2.Абдулла бин Уаһб риуаяты: «Егер екі жыныс мүшесі жанасып еркек мүшесі әйелге енсе, ғұсыл құйыну міндет. Ұрық шықса да, шықпаса да[3]»; 

[1] Мұхтасар Уиқая, 38-бет
[2] Муслим
[3] Муснад

 

Пікірлер Кіру