Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?

23 қаңтар 2020 12492 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум, сайт ұжымы! Сіздерден сұрарым: Некесі қиылған ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулеріне болады ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге жуынғандығын айтқан[1].

Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.

Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].

Абдусамат Қасым


[1] Сахих Муслим.
[2] Тирмизи, №606 хадис

Пікірлер Кіру